«Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға, ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», — деп ұлы ақын Абай айтпақшы жиған түйген білімнің зияны жоқ, оны қайта өңдеп өскелең ұрпаққа үлгі ету үлкен еңбекті талап етеді. Жаңа ұрпақ тәрбиелеу мақсатында қосымша бағдарламаларға жүгініп, өз тәжірибесін молайтып және жастарға үйрете білу өз кезегінде үлкен жауапкершілік пен тиянақтылықты қажет ететіні сөзсіз. Білім саласын дамыту, білім ала білу мен оны жетілдіріп өзгеге өнеге ету екі бөлек. Ал Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу мен біліктілікті арттыру қай салада болсын артықтық етпейді. Осы тұста Ғ. Мұратбаев атындағы Түркістан облысына қарасты Жетісай гуманитарлық- техникалық колледжінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тоқсанбаева Болсынай Әмірбекқызы «NIS» педагогикалық орталығында Халықаралық талаптар бойынша техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білімді меңгеру мен қатар біліктілігін арттыру мақсатында «Колледжде орыс тілі мен әдебиетін оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» атты жоспарға сай арнайы семинар үрдісін жүргізген болатын. Өз кезегінде Т. Болсынай біліктілікті арттыру курсы бойынша өз ойын ашық жеткізіп, ортаға салу арқылы тың идеялармен бөлісіп, озық үлгідегі білім берудің жаңаша әдіс-тәсілдерін қарастырып кеткен болатын. Семинар барысында талқыланған тақырыптың мазмұны толыққанды ашылып, жалпыға бірдей түсінікті тілмен баяндалды. Қатысушы ұстаздар да семинарға оң бағасын беріп, әдістеме кабинетінің меңгерушісі Назым Айдарханова семинар талапқа сай өткендігі жайлы қорытынды сөз сөйлеген болатын.