Әлеумет Шығармашылық жобалар байқауында жүлде алды Редактор 15.10.2023 18287 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 6-қазан күні аудандық мәдениет үйінде «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар және конкурстардың жеңімпаздарын марапаттау жиыны өткізілді. Төлеби ауданындағы Ұзынарық ауылындағы Қазанғап Байболов атындағы жалпы орта мектебінің екі оқушысы ғылыми жоба бойынша үздік нәтиже көрсеткені үшін арнайы сыйлықтар және мақтау қағазымен марапатталды. Аталмыш білім ордасы аудандағы алдыңғы қатардағы үздік мектептердің бірі. Білім ордасының оқушылар аудандық, облыстық, республикалық додаларда шашасына шаң жұқтырмай, ұдайы жүлделі орындардан көрініп келеді. Бұл жолы да білім бәйгесінде қанжығалары майланып отыр. Аудандық «Зерде» 2-7 сынып оқушылары арасындағы зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының республикалық конкурсының облыстық кезеңінде 4 сынып оқушысы Ералы Ернар І орын алды. Ғылыми жетекшісі: Сатқынбекова Мөлдір, 9 сынып оқушысы Жақсылық Анеля аудандық кезеңде 3 орын иегері атанды. Ғылыми жетекшісі:Сиқымбаева Қарлығаш. Мектеп қабырғасында ғылыми жұмыстармен айналысып жетістіктерге қол жеткізіп жүрген оқушылар болашақта қазақстандық ғылымға мол үлес қосады деген сенім басым. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5458 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12054 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961