Әлеумет Олимпиаданың мектепішілік І кезеңі өтті Редактор 15.10.2023 16854 1 оқу мин Түркістан облысы, Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты «№66 «Мырзашөл» жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 6 қазан күні «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік І кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты — мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту және пән бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау, білім беруді дамытуғ олимпиада резервін қалыптастыру болып табылады. Олимпиадаға 3-4 сынып оқушылары қатысты. Олимпиада тапсырмасы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім — тест жұмысы, 10 есеп беріледі, әр дұрыс жауапқа 5 ұпай, жалпы ұпай саны — 50. Екінші бөлім — бос орынды толықтыру, 10 есеп беріледі, жалпы ұпай саны 50. 3-ші сыныптардан 7 оқушы, 4-ші сыныптардан 6 оқушы қатысты. Оқушылар аталмыш сайысқа белсене қатысты. Өз білім дәрежелерін дәлелдеп жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Мектеп әкімшілігінің шешімі бойынша І кезеңнен жоғары ұпай жинаған 2 оқушы ІІ кезеңге өтті. Оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6468 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 7046 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6592