Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орыс тілі оқытушысы Исаева Лаура курс тыңдаушыларға орыс тілі бойынша сабақ өтті. Мақсаты тіл саясатын дамыту болып табылады. Сабақтың тақырыбы — «Русский язык — язык межнационального общения». Бұдан кейін, «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі оқытушысы Райымқұлова Мейрамгүл кезекті сабағын өтті. Сабақтың лексикалық тақырыбы: «Қонақүйде” деп аталады. Грамматикалық тақырыбы — Жалғаулықтар болып табылады. Мақсаты тіл саясатын дамыту болып табылады. Тіл үйренушілер тақырып бойынша түрлі жаттығуларды орындау арқылы теориялық білімдерін жетілдірді. Өз ойын жүйелі, дәлелді жеткізе білуді үйренді. Сабақта сұрақ- жауап, әңгімелеу , салыстыру , талдау әдістері қолданылды. Содан соң, Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ағылшын тілі оқытушысы Жаманқара Салима курс тыңдаушыларға ағылшын тілі бойынша сабақ өтті. Мақтаарал ауданындағы тілдік ахуалды талдау және оған мониторинг жүргізу мақсатында түрлі жас және түрлі этникалық топ өкілдері, түрлі сала мамандарының қатысуымен аналитикалық сауалнама жүргізілуде. Жалпы сауалнамаға 1000 азамат қатысқаннан кейін аудандағы тілдік ахуалға мониторинг жасалады. Ағылшын тілі — халықаралық тіл .Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай мен испан тілінен кейінгі халық саны бойынша ана тілі ретінде ең көп пайдаланылатын тіл. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады. Сондықтан да халықаралық ортақ тілді үйренуге құмбылдардың қатары қалың. Орталық қызметкерлері тіл үйренушілерге ұдайы қолдау білдіріп отырады. с