Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданындағы Қайнар жалпы білім беретін мектебінде ҚББП Шакирова Гулмираның ұйымдастыруымен “Қазақ тілінің мәртебесі өз дәрежесінде ме?” тақырыбында пікір сайыс өтті.10-сынып оқушысы өзін-өзі басқару фракциясының мүшесі Досымхан Аяжан жүргізуші болды. Аталмыш шараны өткізудегі мақсаты — қазақ тілінің мәртебесі туралы пікір айту, тіл сасясатын дамыту, оқушылардың өз пікірін айта білуге үйрету, дәлелдер мен мысалдар, статистикалық мәліметтер қолдана білуге үйрету, тілді құрметтеуге баулу болып табылады. Ұлттық тілді құрметтеу әрбір қазақ орындауға тиіс маңызды міндеттердің бастысы. Ал Қазақстан азаматтары құрметтеуге тиіс ұлттық тіл- қазақ тілі болып табылады. «Ұлттың тілі – ұлттың ділі» деп, халық даналары айтқандай, ұлт болып ұйысу үшін тілді құрметеу керек. Ол үшін тілді құрметтеуді мектеп жасынан бастау қажет. Оқушыларды ананың уызына қанғандай ұлттық тілімізбен сусындатыуымыз қажет. Ана тіліміздің айбынын асқақтату үшін оқушылардың бойына ұлттық тілді дарыту қажет. Ол үшін төл пәндерімізді тереңдете оқыту қажеттігі туындайды. Қасиетті тіліміздің жоспарлы саяси даму, халқымыздың тілдік құқығын қорғау бастамасы, көркем әдебиет пен ісқағаз тілін қалыптастыру жұмыстары Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынов сынды зиялыларымыздың ерен еңбегінен бастау алған. Заман қысымына орай, ұлт болашағы бұлыңғыр тартқан шақта, ұлттық тіліміздің тағдырын шешуде зиялыларымыз ұсынған жол айрықша болды. Осы жолдан тайқымай келе жатқан ұлтымыз бар да ана тіліміз жойылмақ емес. Оқушылар осы және де басқа мәселелерді қаузады. Алдағы уақытта тіл мәселесіне қатысты іс шаралар жалғасын табатын болады.