Түркістан облысындағы Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің информатика пәні мұғалімі Оразымбетова Жазира Кумекқызы білімі мен біліктілігі жоғары ұстаз. Оқушылардың білім сапасын дамыту мақсатында түрлі ашық сабақтар өткізіп отырады. Ашық есік айлық жоспарына сәйкес 16.10.2023 жыл 5″В» сыныбымен ашық тәрбие сағатын өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Бір отбасы-бір кітап» және қоғам қайраткері Спандияр Көбеевтың туғанына 145 жыл. Сабақтың мақсаты: оқушыларды имандылыққа, оқу мәдениетін насихаттау, отбасы құндылықтарын берік ұстануға, ата -ана алдындағы парызын өтеуге тәрбиелеу болып табылады. Спандияр Көбеев туралы түсінік қалыптастыру. Сабақ жоғары деңгейде заманауи үлгіде өткізілді. Акт құралдары пайдаланылды. Оқушылар ұлт мақтаныштары, ақын жазушыларымыз А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Мақатаевтың өлең жолдарын жатқа айтты. Оқу ,білім туралы өз ойларын жеткізді. Елге еңбек сіңірген қайраткер , жазушы Спандияр Көбеев туралы бейнеролик көрсетілді. Отбасы ұғымы туралы түсінік және ата-ананың өмірде алатын орны ерекше екендігі туралы бейне жазбалар және поэзия әлемінен сыр шертілді. Оқушылар ән арнап, көрініс көрсетіп өз өнерлерімен бөлісті. Отбасыларын қағаз бетіне бейнелеп салып өз ойларын айтты. Сабаққа тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар Ж. Ширинбоев және Р. Алтынбек, М. Есенин сабаққа еніп өз ойларын айтып кері байланыс берді.