Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты И.Рыбалко атындағы жалпы білім беретін мектепте 2023 жылдың 17 қазан күні мектеп кітапханасында 25 қазан -Республика күніне орай «Қазақстан туған жерім, туған елім» атты тақырыпта кітапхана оқырмандарына көрме ұйымдастырылды. Көрмемен кітапханашы Күзенбай Мөлдір таныстырды. Жалпы көрменің негізгі мақсаты- оқушыларды түрлі тақырыптағы кітаптармен таныстырып, ынталандыру, олардың кітап оқуға деген құлшынысын арттырып, оқу мәдениетін насихаттау болып табылады. Жалпы көрмеге жасөспірімдерге арналған көркем әдебиет пен ғылыми-көпшілік кітаптары, аңыз-әңгімелер мен түрлі журналдар қойылды. Көрме түрлі-түсті безендірілуімен қатар, қызықты кітаптарымен оқырмандардың зор қызығушылығын тудырды. Жалпы көрмені өткізудегі мақсат- осынау атаулы күнге орай рухани жан дүниені оятып, білімді молайтып, үлгі — өнеге беретін ақылшы дос, білім көзі, рухани қазына — кітап әлеміне шолу жасау болып табылады. Кітап әлемі — адамды арман биігіне самғатып, ақыл — ой сұлулық әлемін шарлатып, білім — ғылым жолына жетелейтін ғажайып дүние екенін жас өркендерге ұғындыру. Олардың шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамыту. Жалпы оқушыларды кітапты сүйе білуге, кітапты күтіп ұстап, қадірлей білуге және кітапханашы еңбегін бағалай білуге шақырады. Оқушылар кітап көрмесін қызыға тамашалады. Алдағы уақытта осы бағыттағы көрмелерді көптеп ұйымдастырып өткізу жоспарланып отыр.