Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданындағы Көксәйек ауылдық кітапханасында “Альфа” орталығының математика пәнінің мұғалімі Бекназар Гүлнұр Мұхтарқызының қатысуымен «Ұстаз аты-биік әрі мәңгілік» атты кездесу кеші өткізілді. Аталмыш шараны өткізудегі мақсат – педагог мамандардың беделін арттыру, оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру болып табылады. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету де басты мақсат болып отыр. Шара барысында Гүлнұр Мұхтарқызы қызығы мен шыжығы мол ұстаздық қызметтің қызықты жайттармен бөлісті. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршін оқушыға қалам ұстатып, әріп танытып, мектеп бітіргенше білім нәрімен сусындатып алтын ұядан ұшыру үшін де ұстаздар талмай еңбектеніп, талай тер төгеді. Ерен еңбек пен төгілген маңдай тер оқушылардың алған білімімен өлшенбек. Сабақты жақсы оқыған оқушы ұстаздың еңбегін ақтағаны. Гүлнұр Мұхтарқызы осы және басқа да ұстаздық қызметтің қыры мен сырын әңгімеледі. Ал оқушылар ұстаздарына сұрақтар қойып, әдемі сыр сұхбат жүргізілді. Бұдан кейін аудандағы Жеңіс ауылдық кітапханасында Түркістанның таңдаулы туындысы, Жазушылар одағының мүшесі, Абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының өмірі мен шығармашылығына арналып «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды. Басты мақсат оқырмандарға ғалымның өмір жолы мен шығармашылығы туралы мәліметтер айтылды. Абайтанушы ғалымның көптеген еңбектерімен таныстырып өтті