Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданындағы Тұрар Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде «Ашық есік айлығы, теория, тәжірибе, практика, инновация» ашық есік айлығына орай «Бір отбасы-бір кітап» және «Спандияр Көбеевке -145 жыл» тақырыбында ашық тәрбие сағатын 11″В» сынып жетекшісі Төлегенова Лаура өтті. Сабақтың мақсаты:отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту, оқу мәдениетін насихаттау, оқырмандардың жан дүниесінде рухани ізгілікті қалыптастырып ,ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты дамыту,оқырман отбасын анықтау болып табылады. Оқушылардың кітап оқығандарын, ғылым жаңалықтарын , өткен тарихымызды ,өнерімізді танығандарын айтты. Назарбек Айбек үш тілде кітап оқыған. Спандияр Көбеев туралы түрлі ақпараттар берілді. Тәрбие сағатына енген:ДТІЖО Ширинбоев Ж. Оқушылар шараға белсене атсалысты. Сабаққа өз кері байланысын берді.