Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданының білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес бөлімінің әдіскері Ш.Оңалбаеваның ұйымдастыруымен С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебінде 2023 жылғы 19 қазан күні тарих пәнінен «Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар болып өтті. Семинардың мақсаты: Білім беру үдерісінде қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын тиімді қолдану жолдары бойынша тәжірибе алмасу,белсенді әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдану жолдарын көрсету. Аудан мектептерінен тәжірибе алмасу үшін жас мамандар қатыстырылды. Семинардың ашылу сәтін тәлімгер ұстаз С.Күленов пен Г.Қорласбекова концерттік іс-шарамен бастап, қонақтарды жақсы тілектермен қарсы алып, мектеп директоры Табылды Назира Қаратайқызы келген тәжірибе алмасушылар мен мектеп ұстаздары және шәкірттеріне өз ыстық лебіздері мен құттықтауларын жеткізе отырып, барлығына сәттілік тіледі. Келген қонақтарға іс-шараның жоспары таныстырылып, тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған сабақтарға қатыстырылды. Аталмыш мектептің тарих пәні мұғалімдері Еримбетова Әлия, 7 « ә»- сыныбымен , Қадірбекова Роза 8 «а»-сыныбы ,Умирова Жазира 10ә-сыныбымен ,Керімбек Ғаламат 9 «а»-сыныбымен , Қойжігітов Аманжол ағай 11ә-сыныбымен құқық пәнінен ашық сабақ берді. Сабақта қолданылған әдістер оқушы қабілетін арттыруға үлкен үлестерін қосты деп айтуға болады. Тарих пәні мұғалімдері Еримбетова Әлия мен Қадырбекова Розаның . ұйымдастыруымен «Қалыптастыру шы бағалау- білімді жетік меңгеру кепіл» тақырыбында шебер-сынып өтті. Шебер – сыныпқа қатысқан мұғалімдер қалыптастырушы бағалау туралы көптеген мәліметтермен таныс болды. Қалыптастырушы бағалау оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады. Сұрақтардың тиімді қойылуы, оқушымен бірге критерийлердің талдануы, сыныптасын және өзін-өзі бағалау, кері байланыс арқылы оқушының қалыптасатыны туралы пікірлер айтылып, топта түсіндірілді. Мұғалімдер өз топтарында қалыптастырушы бағалаудың тиімді жолдарын талқылап , көрсете білді.