Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданындағы Абай ауылдық кітапханасында оқырмандарға жазушы, әдебиет сыншысы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқар Сүлейменовтің 85-жылдығына арналған әдеби кеш өтті. Сүлейменов жаңа идеаларды генерациялауға қоғамға, ұлтқа қызмет етуге, идеяшылдықтан азат жаңа әдебиет жасауға ұмтылды, өз идеалы үшін күресті. Сүлейменов шығармаларын үш кезеңге бөліп қарауға болады. Сыншылық, прозалық, және драматургиялық. Жазушының кітаптары мен шығармаларымен таныстырылды. Оның әдебиеті бостандыққа, тарихи тамырларды ұлттық өзіндік ерекшелікті сақтап қалуға шақырды. А. Сүлейменовтің әдеби мұрасында көптеген көркем аудармалары арқылы оқырмандар Т. Карлейль, Э. Хемингуэй, М. Булгаков, Б. Брехт, Т. Уильямс шығармаларымен таныса алды. Қатысқан 8-сынып оқырмандарымен өтілді.