Әлеумет Авторлық жобасын таныстырды Редактор 20.10.2023 9360 1 оқу мин Түркістан облысында «Туған жер – алтын бесігім» атты қала, ауданаралық мәдениет күндері бастау алған болатын. Мәдени байланысты нығайтуға бағытталған шара аясында қазан айының 16-20 күндері аралығында Төлеби ауданының Қазығұрт ауданындағы мәдениет күндері өтті. Күні кеше ұйымдастырылған шара барысында бірінші екі ауданның мәдениет қызметкерлері арасында спорттың екі түрі кіші футбол және арқан тарту спортынан жолдастық кездесу өткізілді. Одан соң Қазығұрт аудандық Жастар орталығында аудан жастарымен Төлеби ауданынан шыққан қолөнер шебері Ләйла Тоқтағұловамен шеберлік сағаты және облыстық ақындар айтысының жеңімпазы Жезмарал Байтуовамен кездесу кеші өтті. Сонымен қатар Тілдерді оқыту және дамыту орталығының оқытушысы Мақпал Әділмұрат қазақ тілінің қарапайым (А1) деңгейі бойынша авторлық жобасын таныстырды. Тіл саясатын дамытуда оның ролі зор екендігі белгілі. Қазығұрт ауданының Тілдерді оқыту және дамыту орталығының оқытушыларына өзінің дайындаған әдістерін іс жүзінде қолдану бойынша шеберлік сағатын өткізді. Ал орталық әдіскері Б.Абдижалилова орталықтың 10 жылдық мерейтойына байланысты арнайы әзірленген сый қорапшаны Қазығұрт ауданының Тілдерді оқыту және дамыту орталығының директоры Нұрғиса Тәңірбергеновке табыстады. Іс-шара соңы Төлебилік өнерпаздардың Қазығұрт ауданының орталығындағы аудандық мәдениет үйінде «Қазығұртқа сәлем!» атты гала-концертке ұласты. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 21812 Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 1 оқу мин Әлеумет Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 28.01.2026 28196 Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 27.01.2026 33875