Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданындағы Көксәйек ауылдық кітапханасында Мемлекеттік сыйлықтың иегері, халық жазушысы Тахауи Ахтановтың туғанына-100 жыл толуына орай кітапханада “Талант тағылымы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқу мәдениетін насихаттау мақсатында түрлі іс шаралар ұйымдастырылуда. Аталмы көрмеге Тахауи Ахтановтың шығармалары және ол туралы жазылған еңбектері қойылып, оқырмандар назарына ұсынылды. Жазушының шығармаларына шолу жасалды. Оқушылар Тахауи Ахтановтың оқыған туындыларынан түсініктерін айтып берді. Бұдан бөлек, аудандағы Әңгірата ауылдық кітапханасында “Қамар сұлу- 90 жыл” арнау кеші өтті. Іс шара көрнекті жазушы, қазақ әдебиетінің көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығына арналды , өмірі, шығармашылығы айтылды. Оқырмандар өлеңдерін оқыды. Мақсаты: оқырманға жазушы шығармаларын насихаттау, кітаптарын оқуға шақыру болып табылады. Ал Жеңіс ауылдық кітапханасында Қазақ халқының қоғам қайраткері Төле би Әлібекұлының 360 жылдығына орай Төле би көшесінің тұрғындарымен «Кіндігімнің жас қаны,тамған жерім ауылым» атты өлкетану сағаты өткізілді. Мақсаты: Қазақ тарихының төрінен орын алған, қаншама ғасыр өтсе де,өскелең ұрпағына өшпес із, өнегелі сөз қалдырған,Төле бидің даналығы, шешендік тапқыр сөздері жайлы насихаттап,мәлімет беру болып табылады. Бұдан кейін Диханкөл ауылдық кітапханасында “Құқық-әділет пен парасат жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Жоспар бойынша кіріспе, құқық туралы жалпы түсінік, өткенге көз жіберсек «Тәуке ханның жеті жарғысы», Балалар құқығы туралы конвенция, Құқық деген не? Міндет деген не? Азамат деген кім?, Көкейде жүрген сауал. Оқырман жастар «Ата Заң-әркімнің бойтұмары» екендігін,»Ұяда не көрсең-ұшқанда соны ілесің» тақырыптарын ала отырып, өз ойларын бөлісті. Тақырыпқа байланысты қойылған кітап көрмеге шолу жасалынды.