Түркістан облысына қарасты Созақ ауданындағы Ә.Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып бірлестігі бойынша іс-тәжірибе алмасу, мұғалімдердің шығармашылықтарымен бөлісу, педагог мамандардың беделін арттыру, әріптестермен кеңесу, пікір алмасу, жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігін арттыру мақсатында «Жаңашыл мектепке — жаңаша әдіс- тәсілдер» тақырыбында ашық сабақтар өтілуде. Мырзабай Баян 3 «Ә» сыныбында «7 санын бөлу және көбейту», Құлмаханова Айжан 2″ Ә» сыныбында «Дауыссыз Р мен Л» тақырыбында, Өтжанова Гүлмира 2″ А» сыныбында «Дауыссыз Р мен Л» тақырыбында, Жомартова Жазира 1″А» сыныбында «Д дыбысы мен әрпі» тақырыбында, Раймова Гүлнұр 4 «Б» сыныбында «Сенің өлкеңнің жануарлары» тақырыбында, Ноғайбаева Жанар 3″ Б» сыныбында «Батырлар жыры» тақырыбында, Айтуғанова Іңкәр 3″А» сыныбында «Батыр туса — ел ырысы. Қобыланды батыр» тақырыбында, орыс тілі пәнінің мұғалімі Қыдырбаева Мая 3″А» сыныбында «Старших надо уважать, малышей не обижать» тақырыбында ашық сабақтар өтіп, түрлі «Padlet», «Plickers», «Лездеме», «ПДМД» әдісі, «Сөзді тап» «Zip grade» сияқты көптеген әдіс-тәсілдермен бөлісті. Ұстаздар оқушыларды сабаққа қызықтыру мақсатында өте ыждағаттылықпен дайындалған. Өз кезегінде оқушылар да ашық сабақтарға белсене қатысты. Алдағы уақытта осы бағыттағы сабақтар жалғасын табатын болады.