Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданының білім бөлімі, Түлкібас ауданы әкімінің аппаратының 17 қазандағы №229-11/03-13/4128 хатына сәйкес, Түлкібас аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Түлкібас ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен «25 қазан Республика күніне» орай 2023 жылдың 20 қазан күні «Тұғырлы Түлкібас» аудандық пікірсайыс турнирі өткізілді. Жобаның мақсаттары мен міндеттері — Жастар арасында ораторлық мәдениетті, толеранттық тәртіппен азаматтық танымды дамыта отырып, қоғамдағы маңызды мәселелер аясында жастардың өз көзқарастары арқылы шешім қабылдап, құқықтық сауаттылықты жан-жақты мониторингтік зерттеулер жүргізе отырып пікірсайыс арқылы толығырақ насихаттау; Азаматтық жауапкершілігі зор, интеллектісі жоғары, рухани жан-дүниесі бай, эстетикалық талғамы дамыған және әлеуметтік бейімделген ұтқыр тұлғаны қалыптастыру мен дамыту; Жастардың қоғамның өзекті мәселелерін шешудегі орны мен рөлін арттыру. Елімізде пікірсайыс қозғалысының дамуына үлес қосу, Жастар арасында өз ойын ашық, еркін жеткізуге дағдыланған қоғам белсенділеріне ақпараттық қолдау білдіру. Аталған турнирге дебат жетекшісі Е. ұржігітовтың жетекшілігімен «Ұшқын» фракциясы қатысты. Турнир қорытындысы бойынша «Түркібасы» ЖББМ білім алушылары «Алғыс хатпен» марапатталып, 10 000 мың теңгелік сертификат ұтып алды.