Қарсыбай Сыпатаев атындағы No7 ІТ мектеп-лицейінің оқушылары үшін Түркістан облысы Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында ардагер кітапханашы Қойшыбаева Бақыт Тұрғанбекқызымен кездесу айтулы оқиға болды. 45 жылдық тәжірибесі бар кітапханашы Қойшыбаева Бақыт кітапхана мамандығы туралы өзінің тәжірибесі мен білімін ортаға салып, оның шығармашылық және жан-жақты екендігіне тоқталды. Қойшыбаева Бақыт өзінің өмірі мен шығармашылығына тоқталып, оқырмандар сауалдарына жауап берді. Ол кітап оқудың маңыздылығы, білім берудегі және қоғамның мәдени дамуындағы кітапханалардың рөлі туралы айтты. Қойшыбаева Бақыттың өз мамандығына деген құлшынысы мен адалдығына оқушылар тәнті болды. Қойшыбаева Бақытпен кездесу оқушылардың кітапхана кәсібі туралы ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, кітап оқуға, кітапханаларды аралауға шабыт берді. Олар кітапханашылар тек кітаптың қамқоршысы емес, білім мен мәдениет әлеміне жол сілтеуші де екенін түсінді. Кездесу өскелең ұрпақ арасында кітап оқу мен кітапхана ісін насихаттауға өз үлесін қосты. Кездесу кеші барысында Ардагер кітапханашы Бақыт ханым өзінің өмірі жайлы және қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін кітапханашы қызметі туралы мәлімет беріп, оқырмандардың сұрағына жауап берді. Рухани әлемнің пайдасы туралы кеңірек әңгімеледі. Кітапты таңдап оқу туралы да айтып өтті. Кездесу кеште оқушылар Сұлтанова Сұлушаш ханымның «Сүйемін мен кітапты» және «Кітап мұңы » атты өлеңдерін жатқа оқып, патриоттық «Туған жер», «Көк тудың желбірегені» әндері шырқалды. Кеш соңында іс- шараға белсене қатысқан мұғалімдер мен оқушылар «Алғыс хат» пен марапаталды.