Түркістан облысына қарасты Кентау қалалық білім бөліміне қарасты Әлихан Бөкейханов атындағы №23 жалпы білім беретін мектеп қаладағы мақстаулы мектептердің бірі. Аталмыш мектеп базасында қала педагогтарына, ата-аналар қауымына инновациялық, оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысын ұйымдастыру және білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша уақытылы шешімдер қабылдау, қажетті көмек көрсету мақсатында «Әдістемелік ашық есік күні» өтті. Ашық сабақтар әдістемелік бағдарламаға сәйкес өтті. Ашық есік күні жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Аталмыш кабинет әдіскерлері жеке кеңестер, оқыту сабақтары, кестеге сәйкес оқу сабақтары, тәрбиелік сипаттағы іс шаралар, инновациялық жобалардың, жұмыстардың көрсетілімдері, Ашық микрофон, телекөпір, өзекті мәселе бойынша ашық пікірталасты талап ететін дөңгелек үстел өткізді. Бұдан бөлек, оқу-әдістемелік кешендердің көрмесін ұйымдастырды. Ашық есік күніне 312 педагог қатысты. Мұғалімдер ашық сабақтарға, сыныптан тыс іс-шараларға жоғары деңгейде баға беріп, өте жақсы ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.
Связанные истории
18.11.2024
27788
18.11.2024
25894