Түркістан облысы, Арыс қаласының білім бөлімі мен Арыс қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің ынтымақтастығы аясында «Қазақстан Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғылары» тақырыбында аймақтық семинар өтті. Семинардың мақсаты — Бастапқы әскери-технологиялық дайындық мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін дамыту және тәжірибе алмасу. Өз жұмысына шығармашылық көзқарас танытқан мұғалімдерді анықтау және мадақтау. Мұғалімдердің білім сапасы мен кәсіби шеберлігін арттыру. Семинарға Арыс қаласы бойынша алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәндерінің мұғалімдері қатысты. Қазақстан Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғыларына шолу. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәндерін оқыту әдістемесі мен тәжірибе алмасу.
Білім сапасын арттырудың инновациялық тәсілдерін талқылау. Оқытушылар Қазақстан Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғылары бойынша терең білім алды. Оқытуға шығармашылық көзқарас танытқан мұғалімдер анықталып, марапатталды. Семинарға қатысушылар құнды тәжірибе және оқыту әдістерімен алмасты. Мұғалімдердің білім сапасы мен кәсіби шеберлігін арттыру жолдары айқындалды. Семинарға Арыс қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің басшысы подполковник Ерлан Билалов, Арыс қаласының білім бөлімінің әдіскері Құрман Қазбеков, аудандағы жалпы білім беретін мектептердің әскери жетекшілері қатысты. Сабақ әскери сәлемдесуден және әнұранмен басталды. Әскери жетекшілер әскери атақтардың суретін таңдау арқылы «Офицерлер» және «Сержанттар» деп 2-ге бөлінді, әдістер де тиімді қолданылды. АӘД пәнін қайталау мақсатында «Нысана» әдісі арқылы жасырылған нысанадағы сұрақтарға жауап берілді. «Миға шабуыләдісін пайдалана отырып сиқырлы сандықта жасырылған затты табу арқылы жаңа тақырып ашылды. Сабақ барысында әскери жетекшілер Google платформасы арқылы топтық жұмыстар және тест тапсырып жеке жұмыс орындады. «Сәйкестендіру» әдісі арқылы жұптық жұмыстар жүргізілді. Сабақты «Kahoot» ойынымен қорытындылады. Кері байланыс QR код арқылы «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы берілді. Сабақ соңы «Атамекен» әнімен аяқталды.
Связанные истории
18.11.2024
28062
18.11.2024
26033