Түркістан облысына қарасты Келес ауданындағы №23 1 Мамыр жалпы орта мектебінде «Intellectum DD2» мектеп директорлары арасында директорлар дебатының аудандық іріктеу кезеңі өтті. Дебаттық турнирде мектеп директорлары номинациямен және жүлделі орындармен марапатталды. Мұндай іс-шаралар мектеп директорларының кәсіби шеберлігін шыңдап, тәжірибе алмасуға ықпал етеді. Пікірсайысқа қатысу оқу орындарының дамуына да септігін тигізеді, өйткені облыстық кезеңде жеңіске жету ауданға жақсы бедел әкеледі. Мектеп директорлары алдағы уақытта да Келес өңірінің намысын қорғап, облыстық кезеңде жақсы өнер көрсетеді деген сенім мол. №44 Сырдария жалпы орта мектебінің директоры Нұртас Амангелдиев пен №31 Ш.Уәлиханов мектебінің директоры Ақмарал Қамбарова жеңіске жетті.