Бүгін Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданының білім бөлімі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Г.Оразбаеваның ұйымдастыруымен Абай атындағы мектеп-лицейінде 8-11 сынып оқушылары арасында аудандық «Махамбет оқулары» байқауы өтті. Байқау мақсаты – оқу мәдениетін насихаттау, мектеп оқушылары арасында Махамбеттің ұлтына ұран болған рухы биік туындыларын насихаттау, тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білу дағдысына үйрету болып табылады. Сайыс аясында Махамбет өмірі мен шығармашылығы тақырыбындағы интеллектуалды ойынға командалар да қатысты. Оқушылар бір-бірін қызу қолдап, жарыс атмосферасы достық бәсекеге, ұлттық құндылықтарға деген құрметке толы болды. Байқауды ұйымдастырушылар мен ұстаздар бұл шара мәдени мұраны сақтау мен насихаттауға ғана емес, мектеп оқушыларының өз тарихы мен салт-дәстүріне деген терең құрмет сезімін қалыптастыруға да септігін тигізетініне сенім білдірді. Мұндай іс-шаралар оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, әдеби-көркемдік қабілеттерін дамытып, ұлтына деген патриоттық пен мақтаныш сезімін оятуға септігін тигізеді. Байқауға қатысқан оқушылар Махамбет, Жәңгір хан, Ер Едіге, Қасымхан сынды кейіпкерді таңдай отырып, жинақтаған деректерді жүйелі жан-жақты талдай отырып, тарихи-әдеби, рухани мәнін шығармашылығынан үзінді келтіріп аша білді. Көтерілген мәселенің өзектілігін ұлттық мүдде тұрғысынан талдап, ұлттық құндылықтардың маңыздылығын арнайы дайындаған слайд арқылы көрсеттті. Байқау аса тартысты өтті. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен 2023 жылы 9 қараша күні Түркістан қаласында өтетін облыстық кезеңге мына төмендегі шығармашыл оқушыларымыз жолдама алды. «Ұлы арман» бағыты бойынша С.Сейфуллин ат.ЖОМ 8-сынып оқушысы Жумагул Нұрайлым, «Шашақты найза, Шалқар күй» бағыты бойынша- М.Ломоносов атындағы МГ-ның 10-сынып оқушысы Батырбек Батыйхан, Жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу конкурсы бойынша Т.Рысқұлов атындағы ЖОМ 11-сынып Ықыласбай Эльза, «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» бағыты бойынша М.Ломоносов атындағы МГ-ның 8-сынып оқушысы Сыдығалы Жания. Облыстық кезеңге жолдама алған оқушылар жоғары нәтижеге қол жеткізеріне сенім мол.