Түркістан облысына қарасты Келес ауданы №29 жалпы орта мектебінің базасында «10-11 сынып курсы үшін күрделі тақырыптарды игеруде информатика пәні мұғалімдерінің құзыреттілігін дамыту» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті. Семинарға Түркістан облысындағы әр түрлі мектептердің информатика пәнінің мұғалімдері қатысып, 10-11 сынып оқушылары үшін күрделі тақырыптар мен оқыту әдістемелерін талқылады. Семинар барысында тәжірибелі жұмыс әдістері ұсынылып, информатиканы оқытудағы озық тәжірибелер мен қолданбалы технологиялар алмасылды.
Мұғалімдерге күрделі тақырыптарды оқыту кезінде кездесетін қиындықтарды талқылап, оларды жеңудің тиімді жолдарын табуға мүмкіндік берілді. Сонымен қатар, информатиканы оқытуда оқушылармен жұмыс істеуде қолдануға болатын инновациялық әдістер мен тәсілдер ұсынылды.Мұндай семинарлар информатика пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың, олардың педагогикалық шеберлігі мен құзыреттілігін арттырудың маңызды бөлігі болып табылады. Олар облыстағы білім деңгейін көтеруге және оқушыларға информатика пәнінен сапалы білім беруге атсалысуда. Ашық сабақтар мен коучингтер өткізілді. Семинарға облысымыздың білім беру ұйымдарынан 80-ге жуық педагог қатысты.