Қазіргі уақытта технология саласын өте қарқынды дамуда. Біздің елде соңғы екі үш жылдар арасында робототехника саласына көп көңіл бөлінуде. Жастардың ғылыми жұмыстары лайықты жалғасын тауып, ел дамуына өз үлесін қосатынына сенім мол. Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданындағы Тұрар Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебіндегі «Мектеп-менің отбасым» жобасы аясында информатика пәндерінің мұғалімдері Нуржақыпова Жанат пен Жанабердиева Сания IT саласы бойынша «Жас өнертапқыштар» клубының 9-сыныптар арасындағы жұмыс нәтижесін көрсетті. Бұл жоба облыстық ғылыми-техникалық шығармашылық көрмесінде ұсынылып, мамандардың жоғары бағасына ие болды. Мұндай мектеп үйірмелері оқушылардың техникалық ойлауын, инженерлік дағдыларын дамытуда маңызды рөл атқарады. Олар сонымен қатар оқушыларды ақпараттық технологиялар мен робототехника саласындағы болашақ мансапқа дайындауға көмектеседі. «Мектеп – менің отбасым» жобасы шынымен де оқушылардың әлеуетін ашуға, олардың жаңа технологияларға деген қызығушылығын арттыруға, өскелең ұрпақтың цифрлық дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Оқушылардың ғылыми жобалары жоғары баға алып отыр. Олар алдағы уақытта бұдан да көптеген жобаларды жарыққа шығаруды жоспарлап отыр. Оқушылардың робототехникаға қызығушылықтары жоғары.
Связанные истории
18.11.2024
27255
18.11.2024
25044