Түркістан облысы, Отырар ауданы, Т.Ибрагимов атындағы орта мектепте аудан мұғалімдері арасында Ыбырай жазулары сайысы өтті. Бұл байқау қазақ даласында алғаш мектеп ашып, орыс иероглифтері негізінде қазақ әліпбиін құрастырған Ыбырай Алтынсариннің тарихи-әдеби шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында өткізіліп отыр. Сондай-ақ ұстаздардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, мемлекеттік тілде оқытуға және жазбаша сауаттылығын арттыруға бағытталған. Байқау мұғалімдерге өздерінің шығармашылық қабілеттерін және өңірдің мәдени мұрасын сақтау мен насихаттауға қосқан үлесін көрсетуге мүмкіндік беретін үш номинацияны қамтыды. Осындай іс-шараларға қатысу ұстаздардың кәсіби шыңдалуына түрткі болып, әдеби шығармашылық арқылы өлкенің тарихи-мәдени мұрасының сақталуына ықпал етеді. Байқау 3 номинацияны қамтыды. Тіл саясатын дамытуда ерекше үлесі бар жобаның. Байқауға 4 бағыттан жалпы білім беру ұйымдарынан 112 педагог қатысты. Ал облыстық кезеңіне жолдама алған пән мұғалімдері: Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бәдіренова Индира, Т.Ибрагимов атындағы жалпы білім беретін мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Искакова Гүлнәз, М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Бозымбаева Айгүл, Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаттың география пәні мұғалімі Мәжитов Арыстан. Байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алған пән мұғалімдерін жоғары нәтижеге қол жеткізеді деген сенім мол. Байқау керемет өтті. Қасытушылардың барлығы асқан қызығушылықпен әрі белсенді түрде қатысып, бақтарын сынады. Алдағы уақытта осы бағыттағы байқаулар жалғасын табатын болады. Мұндай байқаулардың берері мол.
Связанные истории
18.11.2024
27274
18.11.2024
25134