Негізінде оқушыларға сапалы біліммен қатар тәрбие де дұрыс берілуі керек. Олардың тәртіп мәселесі ешуақытта да назардан тыс қалмауы тиіс. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе жасөспірімдерге қатысты немесе олардың қатысуымен орын алатын құқықбұзушылықтарды түсіндіру. «Мектеп» іс-шарасы аясында Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектепте 8-11 сынып оқушыларымен жасөспірімдерге қатысты немесе олардың қатысуымен құқық бұзушылықты түсіндіру мақсатында кездесу өтті. Бұл кездесуге Созақ АПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Е.Оралбаев, Созақ АПБ ЖПК УПТ УПИ полиция капитаны Р.А. Уалиева, сондай-ақ Жартытөбе ауылдық УПИ полиция майоры Н.Ерманов қатысты. Жиынды мектеп директоры Б.Түйшіұлы ашып, келген қонақтарды таныстырды. Бұл іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің қатысуы мүмкін құқық бұзушылықтардың әртүрлі аспектілерін талқылау және түсіндіру, сондай-ақ мұндай жағдайлардың себептері мен алдын алу жолдарын анықтау. Кездесуге құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуы оқушыларға заңсыз әрекеттердің салдары туралы, сондай-ақ қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдар мен нормативтік актілер туралы тікелей ақпарат алуға мүмкіндік береді. Мұндай кездесулер мектеп оқушыларының арасында дұрыс құндылықтарды қалыптастыруға, сондай-ақ оқу орындары мен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді. Осындай іс-шаралардың нәтижесінде қоғам жасөспірімдер арасындағы қылмыс санының азаюына және жастардың болашақ дамуы үшін тұрақты базаның қалыптасуына сенім арта алады.