2023 жылдың 27 қазанында Түркістан облысы, Созақ аудандық білім бөліміне қарасты «Жамбыл шағын орта мектебі» КММ-де 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен жасалған құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндірме жиналыс өтті. Бұл жиынға Созақ АПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Е.Нұрғазиев, Созақ АПБ ҰПТ полиция капитаны Е.Сайлаубек, сонымен қатар мектеп директоры Н.Жұмашов қатысып, жиынды ашты. Алғы сөз сөйлеп, қонақтарды таныстырды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе жастар қатысатын немесе жасайтын құқық бұзушылықтарды түсіндіру болды. Жиын барысында мұндай әрекеттердің себеп-салдары талқыланып, мектеп оқушылары арасындағы келеңсіз құбылыстардың алдын алу және одан арылудың мүмкін болатын жолдары талқыланды. Мұндай іс-шаралар жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын және дұрыс құндылықтарды насихаттауға, сондай-ақ мектеп оқушыларының қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін білім беру мекемелері мен құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Созақ АПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Е.Нұрғазиев оқушыларға қазіргі таңда кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында жасалып жатқан қылмыс, алаяқтық, құмар ойындарының зияны туралы ақпарат берді. Сондай-ақ кәмелетке толмаған жасөспірімдердің беймезгіл уақытта заңды өкілсіз жүруі, қоғамдық орындар мен ойын-сауық мекемелерінде болмауы туралы айтты. Кәмелетке толмағандардың автокөлік, мотоцикл басқаруы туралы сөз қозғалып заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстары соңында тақырыпқа байланысты сұрақ — жауаптар қойылды. Сонымен қатар, Қ.Кемелұла атындағы жалпы орта мектебінде жасөспірімдерге қатысты құқық бұзушылықтарды немесе олардың қатысуын анықтау мақсатында «Мектеп» атты іс-шара өткізілді. Бұл кездесуге Созақ АПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Е.Оралбаев, Созақ АПБ ЖПК УПТ УПИ полиция капитаны Р.А. Уалиева, сондай-ақ Жартытөбе ауылдық УПИ полиция майоры Н.Ерманов қатысты. Жиынды мектеп директоры И.Омарбеков ашып, келген қонақтарды таныстырды. Бұл шарада талқыланған негізгі мәселе жастар қатысатын немесе жасайтын қылмыстарды түсіндіруге қатысты. Кездесу барысында мұндай құқық бұзушылықтардың себептері мен салдары, олардың алдын алу және жою әдістері мен стратегиялары талқыланды. Мұндай іс-шаралар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға және олардың бойында дұрыс құндылықтарды дамытуға бағытталған, сонымен қатар мектеп оқушыларының қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін білім беру мекемелері мен құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Связанные истории
18.11.2024
27409
18.11.2024
25289