Түркістан қалалық білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхқызының мұрындық болуымен маңызды мәдени-танымдық шара – «Өнер ұстазы – 2023» қалалық байқауы өтті. Бұл байқау қаладағы түрлі оқу орындарынан 25 ұстаздың басын қосып, білім ордасының шынайы мерекесіне айналды. Байқаудың ұйымдастырушылары мен қатысушылары оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық әдістерін жүзеге асыра алатын дарынды ұстаздарға қолдау көрсету және оларды ерекшелеуді мақсат етіп қойды.
Байқау мұғалімдерге кәсіби шеберліктері мен шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік беретін бірнеше қызықты кезеңдерді қамтыды. Өзін-өзі таныстыру барысында қатысушылар өздерінің тәжірибесі, жұмыс әдістері және білім берудегі құндылықтары туралы айтты. «Ұстаздың бір күні» бейнероликтер байқауында мұғалімдер күнделікті жұмысынан алған әсерлерімен, сондай-ақ олардың оқушыларының өмірі мен дамуына қалай әсер ететіндігімен бөлісті.
Байқауды ұйымдастырушылар қатысушыларды ынталандырып қана қоймай, білім беру саласында тәжірибе мен идеялар алмасу алаңын жасады. Байқау қорытындысын шығару жеңімпаздарды марапаттау ғана емес, сонымен қатар білім берудегі үздіксіз кәсіби дамудың маңыздылығын растау болды. Мұндай іс-шаралар мұғалімдерді жаңа жетістіктерге ынталандырып қана қоймай, жалпы білім сапасын арттыруға септігін тигізеді. Нәтижесінде әріптестерінен оза шапқан Ж.Жабаев атындағы №11 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Фариза Оразханқызы Жұманова бас жүлдені жеңіп алып, облыстық байқауға жолдаманы жеңіп алған еді. Кешегі өткен облыстық байқауда да Фариза Оразханқызы өзінің кәсіби шеберлігін облыстағы әріптестерінің алдында тағы бір рет дәлелдеп, І орынды жеңіп алды.
Связанные истории
18.11.2024
27409
18.11.2024
25289