Түркістан облыстық білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығының» жылдық жоспары аясында Д.Қонаев атындағы орта мектеп базасында Кентау қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен облыстық практикалық семинар өтті. Бұл ұлттық санасы терең патриоттық тұлғаны қалыптастыруға бағытталған маңызды шара болып табылады. Семинардың мақсаты – ұлттық мүддені нығайтып қана қоймай, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды үйлестіре білетін ұрпақ тәрбиелеу. Бұл көзқарас өскелең ұрпақтың бойында азаматтық жауапкершілікті дамытуға және тұрақты патриоттық сенімнің қалыптасуына ықпал етеді. Д.Қонаев есімі сияқты тарихи-мәдени атауы бар оқу орнының базасында семинар өткізу іс-шараның символдық мәнін толықтыра түседі. Бұл халық батырларына деген құрмет атмосферасын қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды сақтау мен жеткізудің маңыздылығын атап көрсетеді. Мұндай семинарлар азаматтық және патриоттық тұлғаны тәрбиелеудің маңызды элементі болып табылатын ұлттық тарихты, мәдениет пен салт-дәстүрді терең түсіну мен құрметтеуді қалыптастыруға ықпал етеді.Семинар барысында сахна төрінде «Кентауым» әні шырқалып, Д.Қонаев атындағы білім беретін мектептің 22 оқушысы «Жас ұлан біріңғай» ұйымына қабылдану рәсіміне жалғасты. Бағдарлама бойынша жаңа форматта әлеуметтік педагогтар, тәрбие орынбасарлары, сынып жетекшілер, педагог-психологтар жаңа форматта диалогтық алаң, дуэт сабақ, ток-шоу, ашық тәрбие сағаттары өтілді.
Шара соңында әлеуметтік педагог, психология саласының әдіскерлері Н.Күзембаева, Шыналиев А.,Жайынбай «Жеті шырақ» әдісімен қорытындылау жасады. Қоғамда ата-ананың, ұстаздар мен оқушылардың мәдениетін қалыптастыру, олардың белсенділігін арттыру, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін күшейту, отбасы құндылықтарын насихатталды.