Кітап оқу жобасы жалғасын табуда. Көпшіліктің KitapHAN@ оқу жобасына қатысуы керемет. Бұл – кітаптардың білім беру қауымы үшін шексіз білім және шабыт көзі болатынының жарқын мысалы. Бес апта бойы ұстаздар тәжірибелері мен білімдерін байыта отырып, түрлі жұмыстарға қанық болды. Жоба аясында оқылған әрбір кітап жаңа көкжиектерді ашып, қатысушыларға өз әсерлерін талқылауға, талдауға және бөлісуге мүмкіндік береді. «KitapHAN@» жобасының жалғасуы мұғалімдердің оқу мәдениетінің дамып келе жатқанын көрсетеді, бұл олардың тұлғалық және кәсіби өсуі үшін маңызды. Жобаның барлық қатысушыларына келесі турларда қызықты әрі жемісті оқылымдар болатынын анық. Жобаның 5 апталық шығарылымында Түркістан облысына қарасты Төлеби, Мақтаарал, Қазығұрт, Сайрам, Түлкібас аудандарының білім беру ұйымдарының педагогтері қатысып, оқыған керемет көркем әдебиеттерін оқырман қауымға дәріптеді.
Связанные истории
18.11.2024
27150
18.11.2024
24922