Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Тіл тазалығының сауатты жарнамалық айнасы» акциясын өткізді. Акция аясында орталық мамандары Атакент кентінде орналасқан орта және шағын кәсіпкерлік нысандарын аралады. Олар бизнес өкілдеріне жарнамаларды сауатты жазып, орналастыруда әдістемелік көмек көрсетті. Орталық мамандары жарнамалық маңдайшалардың, баннерлер мен хабарландырулардың сауаттылығын тексеріп, оларды безендіру және орналастыру бойынша ұсыныстар берді. Сондай-ақ жарнамада сауатты қазақ тілін қолданудың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Акция Мақтаарал өңірінде жарнама саласындағы сауаттылықты арттыру және қолайлы тілдік орта қалыптастыруға бағытталған. Сауатты жарнама әлеуетті тұтынушылардың назарын аударып қана қоймайды, сонымен қатар компанияның оң имиджін қалыптастыруға және оған деген сенімді арттыруға көмектеседі. Тілдерді оқыту және дамыту орталығы осындай іс-шараларды жалғастырып, бизнес өкілдеріне қазақ тілін жарнамада сауатты қолдану мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетуді жоспарлап отыр.
Связанные истории
18.11.2024
26872
18.11.2024
24599