Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Н.Оңдасынов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың туғанына 119 жыл толуына арналған еске алу шарасы өтті. Еске алу кешіне ауыл ақсақалдары, ауыл хореографы, ауыл имамы және ардагер ұстаздар қатысты. Олар Нұртас Оңдасыновтың өмірі мен шығармашылығын, оның Қазақстан мен туған өлкенің дамуына қосқан үлесін еске алды. Мектеп оқушылары концерттік бағдарлама дайындап, арналған ән, тақпақтар, би биледі. Сондай-ақ оның өмірі мен шығармашылығын бейнелейтін суреттер мен қолөнер көрмесі ұсынылды. Еске алу шарасы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасыновқа тағзым болды. Бұл өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін оятуға, өз тарихына, көрнекті тұлғаларына деген мақтаныш сезімін оятуға ықпал етті. Н.Оңдасынов атындағы мектеп – қазақ халқының біртуар перзенті туралы естеліктерді сақтап, жеткізуші орталық. Мектепте оның өмірі мен шығармашылығына арналған мұражай құрылып, мұрасын насихаттау мақсатында түрлі іс-шаралар өткізілуде. Н.Оңдасынов жайында кең мағлұматтар келтіріп баяндама оқып, деректі фильм көрсетілді. Оқушылар дайындап келген ән-күй мен билерін, сахналық көріністерін паш етті. Кеш соңында келген қонақтарға ас беріліп, құран бағышталды. Жас ұрпаққа Н.Оңдасыновтай тұлғаны насихаттау шаралары әлі де жалғасын таба бермек. Оқушылар дайындап келген ән-күй мен билерін, сахналық көріністерін паш етті.
Связанные истории
18.11.2024
26833
18.11.2024
24562