«Төрт тоқсан төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылындағы №101 орта мектепте «Алтын күз» атты жәрмеңке ұйымдастырылды. Онда мектеп оқушылары өздерінің өнерлерін паш етіп, дайындаған бұйымдары, пісірген тағамдарымен-тәттілерін көпшіліктің назарына ұсынып, өзара сатып-алу акциясын өткізді.
Мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, тұрғындарға: Қолөнер бұйымдары (тоқу, кесте тігу, керамика); Дайындалған өнімдер ( маринадталған қиярлар, джемдер); Дайындалған тағамдар палау, самса; Тәттілер (бауырсақ, шелпек, чак-чак) ұсынды. Сондай-ақ өзара сатып алу науқаны өткізілді, оның барысында оқушылар өз тауарлары мен қызметтерін алмастыра алды. «Алтын күз» жәрмеңкесі оқушылардың шығармашылықпен өзін-өзі танытуына, кәсіпкерлік қабілеттерін дамытуға және мектеп пен жергілікті қоғамдастық арасындағы байланысты нығайтуға арналған алаңға айналды. Жәрмеңкеге келушілер мектеп оқушыларының таланты мен еңбекқорлығын жоғары бағалады. Олар қолөнер бұйымдарын сатып алып, дайындалған тағамдар мен тәттілерден дәм татты.
Іс-шара оқушылар арасында ұлттық салт-дәстүр мен қолөнерді насихаттауға, сонымен қатар экономикалық белсенділікті дамытуға ықпал етті. «Төрт тоқсан төрт өнер» жобасы Қазақстанның мәдени мұрасын жаңғырту мен сақтауға, сондай-ақ өскелең ұрпақтың шығармашылық және кәсіпкерлік әлеуетін дамытуға бағытталған. Бастауыш сынып мұғалімі Д.Абдурахманованың жетекшілігімен оқушылар «Алтын күз» атты мерекелік концерттік ойын-сауық кешіне қатысты. Балаларға қуаныш пен шаттық сыйлаған шара мәнді де мәнді өтті. Іс-шараның мақсаты: Ұлттық құндылықтар мен тұлғалық қасиеттерді дамыту, Позитивті қарым-қатынасты қалыптастыру, Білімді және шығармашылықты насихаттау, Ұрпақтар сабақтастығын нығайту, Денсаулық пен әл-ауқатты сақтау, Достыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу болып табылады. Осы орайда аталмыш мектепте мәдени ағартушылық жобасы жүйелі жүргізілуде. Сондай-ақ, денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу. Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу. Аталмыш мектепте осы бағыттағы жұмыстар тінін үзбей алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Осы бағыттағы жұмыстар ұдайы жүргізіліп келеді. Оған мектеп оқушылары белсенді түрде асқан қызығушылықпен қатысуда.