Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Жібек жолы ауылдық кітапханасының кітапханашылары Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты ақпараттық сағатын ұйымдастырды. Кеш барысында ауыл әкімі Алмас Тұраров жолдауды талқылап, нақты қадамдарды белгілеп, маңызды бағдарламаларға тоқталды. Жолдауда жүзеге асырылатын жобалардың маңыздылығына тоқталды. Президент Қ.Тоқаев жолдауының экономикалық бағытқа қатысты негізгі тезистері: Әділ экономика құру; Азаматтардың әл-ауқатын арттыру; Кәсіпкерлікті дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу; Шағын және орта бизнесті қолдау;Білім, денсаулық және инфрақұрылымға инвестициялар;Сыбайлас жемқорлықпен және көлеңкелі экономикамен күрес.Ақпараттық сағат ауыл тұрғындарына Елбасы жолдауының негізгі ережелерімен танысып, оны жергілікті деңгейде жүзеге асырудың нақты қадамдарын талқылауға мүмкіндік берді. Кітапханашылар Қазақстанның экономикалық дамуына арналған кітап көрмесін де дайындады.Іс-шара экономика саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары туралы халықтың хабардар болуын арттыруға және оларды жүзеге асыру үшін күш-жігерді жұмылдыруға ықпал етті. Шара соңында «Жолдау жолымен білім биігіне» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Связанные истории
18.11.2024
26529
18.11.2024
24396