Ыбырай Алтынсарин атындағы Түркістан облыстық балалар кітапханасында өткен «Менің Қазақстаным» атты апталық – туған елге деген мақтаныш пен сүйіспеншілікті көрсететін тамаша бастама. Облыстың әр ауданынан балалар кітапханаларының қатысуы бұл шараға аймақтық ауқым мен мән берді. Осы апталықты ұйымдастыруға көп күш салған кітапханашылар балалар арасында оқу мәдениетін және патриоттық тәрбиені насихаттауға қосқан үлесі үшін ерекше құрметке лайық. Олардың жоғары деңгейде жұмыс істеуі өңірдегі білім мен мәдениет саласының дамуына зор ықпал етуде. Мұндай іс-шаралар балаларға өз елін, оның мәдениеті мен дәстүрін жақсырақ білуге және сүюге көмектеседі, сондай-ақ оларды қоғамға белсенді қатысуға шабыттандырады. Апталықтың бірінші күнінде Түркістан, Кентау қаласы мен Бәйдібек, Түлкібас ауданы мерекелік шараның ашылу салтанатына атсалысса, екінші күні Арыс қалалық, Сайрам, Ордабасы, Қазығұрт аудандық балалар кітапханаларының кітапханашылары «Қазақстан – Кеше! Бүгін! Кітаптар сөйлейді!» атты кеңейтілген кітап көрмесін керемет етіп жасақтады. Шара жоғары деңгейде өтті. Оқушылар патриоттық шараға асқан белсенділікпен қатысты.
Связанные истории
18.11.2024
26380
18.11.2024
24288