Түркістан облысы Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында 45 жылдық еңбек өтілі бар, №63 орта мектептің кітапханашысы, өз ісінің майталманы Бақыт Тұрғанбекқызы Қойшыбаевамен кешкі кездесу кеші өтті. Кеш тақырыбы кітапханашының шығармашылық мамандық ретіндегі рөліне арналды. Қарсыбай Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінің оқушылар кешке қатысып, талқылауға белсене атсалысты. Бақыт Тұрғанбекқызы өзінің бай тәжірибесімен және кітапханашының табысты жұмысына қажетті маңызды дағдыларымен бөлісті. Бұл мамандық тек білім мен кітапты сүюді ғана емес, оның қызметіне шығармашылық көзқарасты да қажет ететінін атап өтті. Кездесу барысында Бақыт Тұрғанбекқызы өзінің өмір жолы мен кәсіби жолына тоқталып, кітапханашының кітап оқу мәдениетін дамытуға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қалай әсер ететіні туралы айтты. Сондай-ақ кітапханашының қоғамдағы рөлі мен оның шығармашылық үлесінің маңыздылығын тереңірек түсінуге ықпал еткен қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Мұндай кездесулер мектеп оқушыларының оқу мен білімге деген қызығушылығын сақтауға және кітапхана қызметі саласындағы жаңа жетістіктерге шабыттануға көмектеседі. Кездесудің басты мақсаты- кітапханашы мамандығының имиджін көтеру және оны кәсіби аренада ынталандыру болып табылады. Бүгінгі дамыған замандағы жастар мен кітапты байланыстыратын алтын көпір – кітапхана болып отыр. Оқырман мен арадағы алтын көпір кітапханашылардың еңбегі орасан. Мақтауға әбден лайық ақ. Әр келген оқырманға қалаған кітабын тауып беріп, жаңа кітаптарымен таныстырып, одан бөлек әдеби кештерді ұйымдастыру кітапханашылардың ерен еңбегінің арқасы. Кітапханашылар білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып, өркениетті елге айналуымыздың іргетасын қалауда. Оқу мәдениетін насихаттау бағытында жұмыс атқарып жатқан кітапханашылардың еңбегі мақтауға әбден лайық ақ. Кездесу кеште оқушылар Сұлтанова Сұлушаш ханымның «Сүйемін мен кітапты» және «Кітап мұңы » атты өлеңдерін жатқа оқып, патриоттық «Туған жер», «Көк тудың желбірегені» әндері шырқалды. Кеш соңында іс- шараға белсене қатысқан мұғалімдер мен оқушылар «Алғыс хатпен» марапаталды.
Связанные истории
18.11.2024
26351
18.11.2024
24230