Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінің кітапханасында «Білімге құштар колледж» тұжырымдамасы аясында бастамасымен студенттермен “20 минут кітап оқу” тақырыбында кітап оқу сағаты өтті. Осы шара аясында «Махаббат, қызық мол жылдар ” атты Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың шығармасы таңдалып алынды. Жобаның мақсаты оқушылардың назарын көркем әдебиет оқуға аудару ғана емес, жалпы оқу мәдениетін арттыру болды. 20 минутта оқу оқуға деген қызығушылықты арттырып, жылдам оқу және оқуды талдау сияқты маңызды дағдыларды дамытты. Кітап кездейсоқ таңдалған жоқ – ол студенттердің көркем шығармадан ләззат алуына ғана емес, ондағы көтерілген маңызды мәселелер туралы ойлануға мүмкіндік берді. Мұндай іс-шаралар әдеби ой-өрістерін кеңейтіп қана қоймайды, сонымен қатар оқушылардың эмоционалдық интеллектісін дамытып, ішкі дүниесін байытуға көмектеседі. Студенттер оқыған кітабының мазмұнын айтып тақырыпты аша білді. Шынайы да тұнық сезім иелерінің басынан кешкен оқиғаларын сараптады. Махаббат иірімдерін шынайы жеткізе білген жазушы шеберлігін айтып өтті. Кітапқұмарларға арналған мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Бұдан соң, аталмыш колледжде Жаратылыстану және экономикалық ПЦК-ң география пәні оқытушысы Күлпейшова Айнагүл Сайлауқызы Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің 1 курс 23-07 тобымен «Табиғатты пайдалану түрлері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтті.
Связанные истории
18.11.2024
26529
18.11.2024
24396