Түркістан облысы Сарыағаш ауданы №12 колледжінде кітапханашы, 22-02 топ жетекшісі Ж.Жанқараевамен бірлесіп «Батыр халықтың ер ұрпағы» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Бұл шара 25 қазанда Республиканың Ұлттық күніне орай ұйымдастырылды. Тәрбие сағатының мақсаты: студенттердің бойында өз Отанына деген сүйіспеншілікті, өз ұлтына, қазақ халқына деген мақтаныш сезімін ояту, сонымен қатар тіл саясатын дамытудың маңыздылығына сенімін нығайту болып табылады. Сондай-ақ бұл шара студенттердің өз халқының тіліне, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген құрмет сезімін оятуға бағытталған. Тәрбие сағатында студенттер өз халқының ерлік тарихы, ерліктері мен жетістіктері туралы мағлұмат алды. Осы шараның арқасында олар Қазақстанның тарихы мен мәдениетіндегі өз орнын жақсырақ түсініп, өз өмірлеріндегі ерліктерге шабыттана алды. Тәрбие сағытын қорытындысында ұлы ағартушы, халқымыздың рухани көсемі А. Байтұрсыновтың «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деген екен. Сол сияқты білім ошағында жастардың білімі мен тәрбиесінің іргетасын қалап болашағының кірпішін нықталып жатыр. Ұстаздар шәкірттерінің бойына сапалы білім мен саналы тәрбие құюда. Аталған шаралардың барлығы да жастардың отансүйгіштіікке, патриоттыққа тәрбиелейтіні анық. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстарын тінін үзбейтін болады.
Связанные истории
18.11.2024
26652
18.11.2024
24420