Түркістан облысы Отырар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі жанындағы «Тілдерді оқыту және дамыту орталығының» қазақ тілі маманы Шаяхметов Ерғазы «Отырар Жылу ұжымымен «Етістіктің түрлері» тақырыбында қызықты да танымдық сабақ өткізді. Бұл сабақтың мақсаты лингвистикалық білімді тереңдету ғана емес, қазақ тілінің реформалануын, жасалу ерекшеліктерін, етістік түрлерінің айырмашылығын түсіндіру болды. Шаяхметов Ерғазы қатысушылардың назарын етістіктің әртүрлі формаларына аударып, олардың жасалу жолдарын суреттеп көрсетті. Сабақ шеңберінде «Отырар-Жылу» қызметкерлеріне алған білімдерін бекітуге мүмкіндік беретін қосымша тапсырмалар ұсынылып, сабақ өткен материалды талқылау және бекітумен аяқталды. Бұл тәсіл қатысушылардың кәсіби деңгейін көтеруге көмектесіп қана қоймай, қазақ тілін қазіргі заманға сай меңгеруіне мүмкіндік береді. Өтілген сабақ тақырыбына байланысты тыңдаушыларға қосымша тапсырмалар беріліп, сабақты қортындылады. Бұдан кейін Отырар ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің орыс тілі оқытушысы Жұмабаева Инара «Аудандық мансап орталығы» қызметкерлерінен аралық тест алды. Бұдан кейін, аталмыш орталықтың ағылшын тілі маманы Жазира Сыздықова Ветеринариялық қызмет қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейту және патриоттық сезімді ояту мақсатында «Республика күнімен» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: қатысушылардың өз Отанын жақсы түсінуі және сүюі, сондай-ақ оның рәміздеріне қамқорлық жасаудың маңыздылығын білу. Сабақ барысында Жазира еліміздің тарихына, мәдениетіне, жетістіктеріне назар аударып, ел туралы жан-жақты әңгімеледі. Ол тыңдаушыларға Қазақстан Республикасы туралы өз ойлары мен сезімдерін білдіруге мүмкіндік беретін мазмұнды пікірталастар мен әңгімелер жүргізді. Сондай-ақ, қатысушыларға тақырыпты тереңірек меңгеруге және білімдерін бекітуге көмектесетін түрлі тапсырмалар ұсынылды. Бұл сабақ қатысушыларға ағылшын тілінде өз елі туралы көбірек білуге мүмкіндік беру ғана емес, сонымен бірге олардың патриоттық сезімін, туған жеріне деген құрметін көрсету тәсілі болды. Тіл білімін жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар ауқымды. Аудандағы барлық мекемелерде орталық мамандары арнайы сабақтар өткізуде. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Связанные истории
18.11.2024
26627
18.11.2024
24408