Түркістан қаласында өтіп жатқан бұл облыстық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауы ұстаздардың ұстаздық таланты мен шығармашылығын қолдауға және тануға бағытталған маңызды іс-шара. Байқаудың мақсаты, ең үздік түпнұсқа бағдарламаларды анықтау және тарату, білім берудегі инновацияларды ынталандыруға және тиімді оқу материалдарын жасауға бағытталған.
Оқу пәндерінің элективті курстарын, арнайы курстарын және өзіндік бағдарламаларын әзірлейтін оқытушылар оқу үдерісін байытып, оны қазіргі заман талабына бейімдеуде маңызды рөл атқарады. Олардың шығармашылық идеялары мен әдістері басқа мұғалімдерді шабыттандырады және оқыту сапасын арттырады. Мұндай іс-шаралар мұғалімдердің тәжірибе алмасуына ықпал етіп, жаңашылдыққа дем беріп, білім саласын дамытуға қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді. Бұл сонымен қатар мұғалімнің ынтасын арттыруға және кәсіби өсуіне ықпал етеді. Жұмыс презентация түрінде қорғалды, оған 7 минут уақыт берілді. Онда авторлық бағдарламаның элементтері, бағдарламаның түсіндірме жазбасы, мазмұны, авторлық бағдарламаның әдістемелік қамтамасыз етілуі қаралды. Байқауға Түлкібас ауданы білім бөліміне қарасты «Б.Момышұлы атындағы » ЖББМ тарих пәнінің мұғалімі Қалыбекова Зеркүл Жақсылыққызы және география пәнінен Б. Момышұлы атындағы ЖББМ география пәнінің мұғалімі Сарсенов Марс Тазабайұлы қатысты. Жеңімпаздарды анықтау оңайға түскен жоқ. Байқау барысында тақырыптың өзектілігі, жаңашылдығы және ерекшелігі, жұмыстың оқу-тәрбие үдерісінде қолдануға бағытталуы бойынша бағаланды.Өте тартысты өткен байқаудың жеңімпазы болып Марс Сәрсенов 3 орынды иеленді. Тарихшы З. Қалыбекова 1-орынға ие болды.