Түркістан облысы, Ордабасы ауданы білім бөлімінің «Біртұтас білім беру бағдарламасы» аясында «Ұлттық рухани жаңғыру» негізінде және «Ұлағатты ұрпақ» мәдени-ағартушылық жобалары жүзеге асырылуда. Жуырда оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында Шымкент қаласындағы «Шымқала» мәдени-тарихи мұражай кешеніне саяхат ұйымдастырылды. Тарих және мәдениет ескерткіштерімен таныстыру мақсатында. Саяхат барысында балалар Шымкент қаласының тарихынан сыр шертетін тарихи-мәдени ескерткіштермен танысты. «Шымқала» мұражай кешеніне саяхат балаларға Шымкент қаласының тарихы мен мәдениеті туралы білімдерін кеңейтуге, мәдени-тарихи сананы дамытуға, сондай-ақ олардың бойында патриоттық және өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятуға мүмкіндік берді. Осы мақсатта ұйымдастырылған бұл саяхаттың жастардың өмірінде алар орны ерекше. Сонымен қатар ғылыми, рухани құндылықтар туралы мәліметтер алып, мемлекет тізіміне енген маңызды археологиялық нысан екенін біліп қайтты. Мұндағы түрлі экспонаттардың тарихымен танысу олар үшін ерекше оқиға болды. Алдағы уақытта да осы бағыттағы тарихи сапарлар ұйымдастырлса деген тілектерін жеткізді. Туған жердің тарихымен танысу оқушыларды отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелейтіні анық. Сондықтан да мұндай саяхаттың берері көп. Оқушылар үшін танымды, тағылымды мұндай сапарлар алдағы уақытта да көптеп ұйымдастырылатын болады