13 қараша – Халықаралық зағиптар күніне орай Түркістан облысы, Отырар ауданы, Отырар кітапханасында «Мейірімді жүрек – мейірімді қоғам» атты кеш болып өтті. Шараның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың басын біріктіріп, олардың шығармашылығын шыңдауға мүмкіндік беріп, асыл сөз бен істі қадір тұтатын жандарға қуаныш сыйлау болды. Іс-шараға «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Әжімұратов Нұрлыхан, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері қатысты. Кешкі отырыста келесі мәселелер талқыланды: Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәселелері мен қажеттіліктері. Мүгедектерді мемлекеттік қолдау шаралары, Мүгедектерді интеграциялаудағы қоғамның рөлі. Іс-шараға қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, өмірдегі қиындықтарды жеңіп, жетістікке жету жолдары туралы әңгімеледі. Сондай-ақ олар бір-бірімен кездесіп, араласуға мүмкіндік берген шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Кешкі кездесу жылы әрі достық жағдайда өтті. Шараға қатысушылар мұндай іс-шаралар мүмкіндігі шектеулі жандар үшін өте маңызды, өйткені олар өздерін қоғамның бір бөлігі ретінде сезінуге және қолдау алуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Отырар кітапханасының мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға бағытталған қызметі жоғары бағаға лайық. Кітапхана инклюзивті қоғамды дамытуға және барлығына тең мүмкіндіктер жасауға зор үлес қосуда. Бүгінгі кеште кітап оқуды, әдебиет пен өнерді, жыр жазу, өлең оқу сияқты өнерді өздеріне медет тұтқан жандар Садыкова Гүлзира, Оңалбек Әмірәлі, Сералиев Ерлан өз өлеңдерін оқыса, Әліпбеков Абдулла өзінің массаж жасау кәсібі туралы айтып өтті. Мәдениет сарайының әншісі Бектасынов Пернебек ән –жырдан шашу шашып, кештің әрін келтірді. Кеш соңында оқырмандарымыз кітапхана директорының алғыс хатымен марапатталды.
Связанные истории
23.12.2024
13334