Мектеп мұғалімдері мен ата-аналар бірлесе, ынтымақтаса жұмыс атқарса баланың білімін жетілдіруге, тәрбиесінің тәлімді болуына тигізер ықпалы зор. Сондықтан да бүгінде мектептерде ата аналарға арналған түрлі тренингтер ұйымдастырылуда. Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы Әлия Молдағұлова атындағы орта мектепте бастауыш сынып ата-аналарына «Білімдіге дүние жарық» тақырыбында тренинг өтті. Тренинг 1-сынып сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен заманауи баланы дамыту және оның жеке тұлғасын қалыптастыру мақсатында бала тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіру мақсатында өткізілді. Тренингте келесі мәселелер талқыланды: Балаларды тәрбиелеудің заманауи әдістері, Баланың жеке басының дамуы, Ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты орнату. Тренингке ата-аналар белсене қатысып, бала тәрбиесіндегі тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, олар өз сынып жетекшілерінен құнды кеңестер мен ұсыныстар алды. Тренинг достық және нәтижелі атмосферада өтті. Ата-аналар балаларын тәрбиелеуге көмектесетін көптеген пайдалы ақпарат пен жаңа білім алғандарын атап өтті. Әлия Молдағұлова атындағы орта мектептің бала тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдірудегі қызметі жоғары бағаға лайық. Мектеп жас ұрпақтың, жалпы қоғамның дамуына зор үлес қосып келеді. Сондай-ақ, Түлкібас ауданы «Ұрбұлақ» жалпы білім беретін мектебінде «Ата-аналарды қолдау орталығының» жоспары бойынша 5 «ә»- сынып жетекшісі Алдеева Айгүлдің ұйымдастыруымен «Баланың бас ұстазы – ата -ана» тақырыбында ата-аналармен дәріс сабағы өткізілді. Аталмыш сабаққа ата-аналар белсене қатысты. Сабақты өткізудегі негізгі мақсат — оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту болып табылады.