Түркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының ұйымдастыруымен халқымыздың дарынды тұлғаларының бірі ақын Әкім Ысқақтың балалар мен жасөспірімдерге арналған кезекті жыр жинақтары «Күн ұлымын» және «Біздің Бапақ» кітаптарының тұсаукесер салтанаты өтті. Бұл кітаптар жас ұрпақты отансүйгіштікке, туған жерге деген сүйіспеншілікке, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеуге арналған. Балалар мен жасөспірімдер Ысқақ Әкім шығармаларынан көптеген пайдалы, қызықты дүниелерді табады. Өлеңдері жақсылыққа, әділдікке, адалдыққа, еңбекке баулиды. «Күн ұлымын», «Біздің бабақ» кітаптарын оқырмандар жылы қабылдады. Олар Қазақстандағы балалар кітапханалары мен мектептерінің сөрелерінен өз орындарын алып үлгерді. Әкім Ысқақтың балалар әдебиеті саласындағы еңбегі жоғары бағаға лайық. Жас ұрпақты тәрбиелеуге, қазақ балалар әдебиетінің дамуына зор үлес қосып келеді. Әкім Ысқақ — ақын-жазушы, журналист, сатирик, композитор, заңгер, мемлекет және қоғам қайраткері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі бірінші шақырылымының депутаты, Ордабасы, Сарыағаш, Сайрам аудандарының Құрметті Азаматы, «Құрмет» орденінің, Моңғолияның жоғары марапаты «Шыңғысхан» медалінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, Қазақстан педагогика академиясының профессоры, тұңғыш қазақ тілінде жазылған «Халықтың көші-қон туралы» заңының авторы, 1997 жылдың «Жыл адамы», Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. Шұбар ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ешмұрат Әсем оқушыларға жыр кешін өткізді. Әкім Ысқақтың өлеңдерін жатқа айтып, балалардың ықыласына бөленіп қана қоймай, жамандықтан аулақ болуға үйретіп, сыпайылыққа баулиды. Сонымен қатар, Ешмұрат Әсем Әкім Ысқақ ақынның сөзіне жазылған әндерді орындады. Балалар онымен бірге қуана ән айтып, би биледі. Іс-шара естелік фотосессиямен аяқталды. Балалар осы тамаша кешті құжаттау үшін кітапханашымен және бір-бірімен суретке түсті. Ешмұрат Әсем өткізген поэзия кеші балалар үшін нағыз мерекеге айналды. Олар көптеген жағымды эмоциялар алды, көптеген жаңа және қызықты нәрселерді білді, сонымен қатар поэзия мен музыканың сұлулығын бағалауды үйренді. Ешмұрат Әсемнің балалар әдебиеті саласындағы еңбегі жоғары бағаға лайық. Жас ұрпақты тәрбиелеуге, қазақ балалар әдебиетінің дамуына зор үлес қосып келеді.