
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» КеАҚ Ғылыми әдістемелік кеңесі келісімімен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарындағы балаларды тәрбиелеу және дамыту жөніндегі ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығын» құру туралы әдістемелік нұсқаулығын бүгінде Түркістан облысындағы барлық мектептер басшылыққа алып отыр. Осы орайда, Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты М.Мақатаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» көптеген іс шараларды жүзеге асыруда. Жуырда аталмыш мектепте 5-9 сынып ата- аналары арасында отырысы өтті. Тақырыбы: «Ақыл айтпа, жол көрсет» Күн тақырыбында: Жасөспірімнің физиологиялық тұрғыда бейімделуі, оның іс-әрекетін жақсарту жағдайлары. Ұлттық тамақтану мәдениеті — жасөспірімнің физиологиялық бейімделуінің мүмкіндігі. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» аясында өткізіліп жатқан 5-9 сынып ата-аналар жиналысы мектеп пен отбасы арасындағы қолдау мен ынтымақтастыққа бағытталған маңызды шара болып табылады. «Ақыл айтпа, жол көрсет» тақырыбы жеткіншектердің өмір жолында бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсетудегі ата-ананың рөліне назар аударады. Жасөспірімдердің физиологиялық бейімделуін және олардың іс-әрекетін жақсартуға ықпал ететін жағдайларды талқылау олардың табысты дамуы мен тәрбиесі үшін жасөспірімдік кезең физиологиясының ерекшеліктерін түсінудің маңыздылығын көрсетеді. Жасөспірімнің физиологиялық бейімделуіне ықпал ететін аспектілердің бірі ретінде ұлттық тамақтану мәдениеті атап өтіледі, бұл осы жаста дұрыс тамақтанудың маңыздылығын көрсетеді. Мұндай кездесулер ата-аналарға білім беру саласының мамандарынан ақпараттар мен кеңестер алуға, сондай-ақ жасөспірімдерді тәрбиелеу және қолдау бойынша тәжірибе және озық тәжірибе алмасуға көмектеседі. Аталмыш шара жоғары деңгейде өтті. Мектеп директоры аталмыш шараны қолдайтынын жеткізді. Бұдан бөлек, 6-7 сынып оқушылары арасында «Зиянды әдеттер» тақырыбында профилактикалық жұмыс жүргізу балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам болып табылады. Іс-шараның мақсаты – вейпинг, шылым шегу, нашақорлық, ішімдік ішудің зиянды әсерін түсіндіру және студенттердің назарын осы әдеттердің қауіптілігіне аудару.
Іс-шараны ұйымдастыру мен өткізуге қосымша білім беру пәнінің мұғалімі Арипова Д.А., оқушылардың зиянды әдеттердің зияны мен оның салдары туралы хабардар болуына ықпал еткен ақпараттық материалдармен, интерактивті жұмыс түрлерімен және пікірталастармен қамтамасыз етуге зор үлес қосты. Мұндай іс-шаралар жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруда және саналы шешім қабылдауда маңызды рөл атқарады, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қауіпсіз білім беру ортасын құруға көмектеседі. Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты М.Мақатаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» ашылып, табысты жұмыс істеп келеді. Жуырда 1-4, 5-9, 10-11 сыныптар ата- аналарымен алғашқы сабақтары өткізілді. 1-4 сыныптардың ата-аналарымен «Ата-аналар өмірінің жобасы – бақытты адам», 5-9 сынып ата-аналарымен «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Позитивті ата-ана» тақырыптарында тренинг сабақтар өткізілді. 10-11 сынып ата- аналарымен өткізілген сабақ тақырыбы: «Жоғары сынып оқушыларының жас және әлеуметтік ерекшеліктері». Барлық сабақтар өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оқуышылар белсене де қатысты. Өтілген сабақтар барысында білікті мамандардың қолдауымен ата-аналар белсенді қатысып, орталықтың жұмысына сәттілік тілеп, ұжымның жаңа бастамасын қолдайтындығын жеткізді.