Түркістан облысының Білім беруді дамыту орталығы «Инновациялар және стратегиялық жоспарлау» кафедрасының онкүндік аясындағы қорытындысы №17 Ататүрік мектеп-гимназиясының базасында өтті. Бұл онкүндіктің ерекшелігі педагогтардың басқару дағдыларын, әдістемелік, цифрлық және әмбебап құзыреттіліктерін жан-жақты дамытуға, сондай-ақ жаңашыл педагогтарды сапалы және инновациялық технологияларды пайдалануға тәрбиелеуге бағытталған фестивальдің жаңа форматта өтуі болды. Заман талабына сай білім беру басты талап. Фестивальдің мақсаты тәжірибе алмасу және озық педагогикалық тәжірибелерді таныстыру ғана емес, сонымен қатар белсенді талқылау алаңын құру және оқу үдерісіне инновациялық тәсілдерді енгізу болды. Мұғалімдер кәсіби құзыреттілігін арттыруға және заманауи білім беру талаптарына бейімделуге бағытталған шеберлік сыныптарына, тренингтерге, пікірталастарға және презентацияларға қатысуға мүмкіндік алды. Мұндай фестиваль аймақтың білім беру жүйесін дамыту үшін маңызды оқиға болып табылады, өйткені ол мұғалімдердің кәсіби өсуі үшін ынталандырушы орта құруға және инновациялық оқыту тәжірибесін енгізуге көмектеседі, бұл сайып келгенде білім сапасы мен оқушыларға оң әсер етеді. Келген қонақтар «Инновациялық жобалар көрмесін» тамашалады. Бұл көрме оқушыларымыздың шығармашылық қабілетін дамытуға, ғылыми ізденісін жетілдіруге түрткі болып, оқушыларға керемет әсер қалдырды.
Связанные истории
18.11.2024
24008
18.11.2024
22282