Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты «Қызылқұм жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Шардара АПБ-і бастығының 1-орынбасары полиция подполковнигі М.Тиллабек, полиция майоры А.Даулетияров, полиция майоры А.Тұрғынбаев құқық бұзушылық алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында имамдар мен теолог мамандардың қатысуымен жиын өтті. Жиында діни сауаттылықты арттыру, жастарды діни экстремистердің теріс ықпалынан сақтау мәселелері талқыланды. Жиынға қатысушылар жастар мен жасөспірімдерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды. Олар үлкенді сыйлау, Отанға деген сүйіспеншілік пен білімге деген құштарлық сияқты дәстүрлі ислами құндылықтарды бойына сіңіру керектігін атап өтті. Жиын нәтижесінде жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді. Кездесуге қатысушылар осы бағыттағы бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті. Алдағы уақытта жастар тәрбиесі бағытындағы шаралар жалғасын табатын болады.
Связанные истории
23.12.2024
5648