Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданындағы Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде мемлекеттік тілдің маңызын арттыру бағытындағы іс шаралар легі жалғасын табуда. Жуырда аталмыш мектепте «Қазақ тілі-өрісі кең әлем»атты дебат өтті. 10-11- сыныптар арасынан 4 топ жасақталып, оған ең таңдаулы оқушылар қатысты. Әр топ 1 көшбасшы, 1 спикерден құралды. Өте өңілді және тәрбиелік іс-шара болды. Осындай тақырыптарды талқылау оқу-тәрбие процесін байытып, оқушының дамуына үлкен үлес қосады. Оқуышларға талқылаудан алынған тәжірибе мен сабақтарды барынша пайдалануға көмектесу үшін келесі ұсыныстарды жасауға болады: Шешендік өнер тәжірибесі — оқушылардың шешендік өнерін дамыту мақсатында тренинг ұйымдастыру. Бұған сөйлеуді үйрету, дикциямен жұмыс істеу, ым-ишара, аудиториямен байланыс және табысты көпшілік алдында сөйлеудің басқа аспектілері кіреді. Көшбасшылықты қолдау — топ жетекшілеріне көшбасшылық дағдыларын жақсартуға көмектеседі. Топты басқаруға үйрету, мүшелерді ынталандыру және жанжалдарды шешу олар үшін пайдалы болмақ. Кері байланыс және өзіндік рефлексия — талқылаудан кейін қатысушыларды олардың жұмысын бағалауға және нені жақсартуға болатынын талқылауға шақыру. Әрбір оқушының спикер ретінде өсуіне көмектесетін сындарлы диалог айналасында кері байланыс жасалды. Бұдан кейін аталмыш аудандағы И.Рыбалко атындағы орта мектепте білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Ақыл айтпа, жол көрсет» тақырыбына арналған маңызды шара өтті. 5-сынып ата-аналарына арналған лекцияны тәжірибелі мұғалім, А сынып мұғалімі – Аяпова Балқия Насырқызы жүргізді. Іс-шара балалардың оқу процесінде мектеп пен отбасы арасындағы серіктестіктің маңыздылығын көрсетуге бағытталған. Балалардың табысты дамуы мен тәрбиесінде ата-ана мен педагогтың өзара әрекеттестігі басты рөл атқарады, сондықтан мұндай кездесулер оқу-тәрбие процесінің ажырамас бөлігіне айналады. Мұғалім Аяпова Балқия Насырқызы ата-аналардың балалармен тиімді қарым-қатынас жасауына, олардың оқуы мен дамуына қолдау көрсететін практикалық кеңестер мен ұсыныстарын айта отырып, ата-аналардың балалардың оқу өміріне белсенді қатысуының маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ іс-шара мектеп пен ата-ананың ашық қарым-қатынасына жағдай жасау, тәжірибе және ой алмасу, сондай-ақ ата-аналарға өз балаларының оқу процесіне әсер ету мүмкіндігін беруді көздеді.
Нәтижесінде мектеп пен ата-ананың өзара әрекеттесуі балалардың табысты білім алуына ғана емес, сонымен қатар әрбір баланың және жалпы қоғамның дамуының маңызды факторы болып табылатын отбасы мен қоғамдағы салауатты қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал етеді.
Связанные истории
23.12.2024
4108