
Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі ұйымдарында біліктілікті арттыру бағытында түрі шаралар ұйымдастырылуда. Бұл тарапта «Өрлеу» БАҰО Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының көрсетер көмегі көп. Жуырда осы орталықтың ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы Қалиева Хадиша Алиасқарқызымен «Әсел» б/б және «Нурбөбек» бөбекжай-бақшасының базасында әдістемелік көмек көрсетті. Онда мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың педагог қызметкерлеріне білім беру бағдарламаларын, әдістемелік материалды оқыту әдістерін іске асыруда, мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеуде, білім беру процесін ұйымдастыру мен басқаруда оны психологиялық қолдауда көмек көрсету болып табылады. Балабақшадағы бұл іс-шара педагогтардың біліктілігін арттыру үдерісінде шешуші рөл атқарды. Ол білім мен оқу сапасын арттыруға ықпал етіп қана қоймай, мұғалімдерге де құнды әдістемелік көмек көрсетті. Бұл көмек балалармен жұмыс істеудің заманауи талаптар мен қиындықтарға жауап беретін әдістерін жетілдіруге бағытталды. Нәтижесінде тәрбиешілер білімдерін жаңартуға мүмкіндік алды, сонымен қатар балалармен жұмыс істеудің жаңа әдістері мен тәсілдерін меңгерді. Осы іс-шараның көмегімен тәрбиешілер кәсіби арсеналын кеңейтіп, зерттеушілік және шығармашылық әлеуетін анықтай алды. Олар әр түрлі педагогикалық мәселелерді шешуге және оқу-тәрбие жұмыстарын тиімді жүргізуге дайын болды. Бұл сонымен қатар балалардың, отбасылардың және жалпы қоғамның өзгермелі талаптары мен талаптарына жақсырақ бейімделуге мүмкіндік берді. Мұндай іс-шараның балабақша үшін ұзақ мерзімді оң салдары бар. Тәрбиешілердің біліктілігін арттыру оқу-тәрбие жұмысының сапасының жақсаруына және соның нәтижесінде балалардың табысты дамуына әкеледі. Сонымен қатар, бұл балалардың жан-жақты және үйлесімді дамуын қамтамасыз ету үшін маңызды болып табылатын мұғалімдер, ата-аналар және оқу-тәрбие процесінің басқа қатысушылары арасында жемісті серіктестік орнатуға көмектеседі.