Түркістан облысының білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 24 қарашасында «Әскери патриоттық жетекші – 2023» атты іс-шара өткізу жоспарланған болатын. Шара Арыс қаласындағы Е.Молдабаев атындағы №1 мектеп-интернатында өтті. Бұл шараның мақсаты оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін анықтау және қолдау, оларды дамыту және жетістікке жетуге ынталандыру болып табылады. Мұндай іс-шаралар оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, өзін-өзі растауға және өзін-өзі жүзеге асыруға ықпал етеді, бұл олардың болашақ өмірі мен мансаптық өсуі үшін маңызды. Байқауға Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдері А.Тұрдықұлов (М.Өтемісұлы жалпы білім беретін мектебі ) М.Нұрлыбаев («Майбұлақ » жалпы білім беретін мектебі) қатысты. Жаттықтырушылары: А.Мустафаев ( Қ.Сатпаев атындағы мектеп – лицейі) А.Есқараев («Жылыбұлақ» жалпы білім беретін мектебі) қатысты. Жарысқа қатысушылар іс-шараға жоғары дайындық пен белсенділік танытты. Жарыс барысында олар алғашқы әскери дайындық бойынша әртүрлі командалық және жеке тапсырмалар арқылы білімдері мен дағдыларын көрсетті. Қатысушылар жалпы қорғаныс құралдарын киіп пневматикалық винтовкадан ату жаттығулары бойынша жарысты, оның ішінде противогазды қолдану. Сондай-ақ олар әскери дайындықтағы маңызды дағды – АК-74 автоматын толық бөлшектеп, қайта құрастыру қабілеттерін көрсетті. Мұндай жарыстар қатысушыларға өз күштері мен дағдыларын сынауға мүмкіндік беріп қана қоймай, тәртіпті, мақсатқа жетуге ұмтылуды және көшбасшылық қасиеттерді дамытуға ықпал етеді. Сондай-ақ олар әскери дайындық пен өз елін қорғауға дайындықтың маңыздылығын атап өтеді. Жарыс нәтижесінде : «АК-74 автоматын толық емес бөлшектеп және қайта құрастыру» сайысында жалпы командалық есепте Қазығұрт ауданы II – орынға ие болды. Байқауда А.Тұрдықұлов пен М.Нұрлыбаев II дәрежелі дипломмен марапатталды.