Түркістан облысына қарасты Мақтаарал аграрлық колледжінде студенттердің білімі мен қатар таным түсінігін кеңейту бағытында түрлі шаралар жүзеге асырылуда. Жуырда оқушылардың ұйымшылдығын, қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, табиғат сұлулығын сезіне білуге, оны аялауға тәрбиелеу мақсатында жатақхана студенттері мен «Студенттік парламент» ұйымы «Ханзада мен Ханшайым» атты күзгі балл кешін өткізді. Студенттер аталмыш шараға жан жақты дайындалды. Студенттер ерекше киініп, ұйымшылдықпен дайындалды. Аталмыш мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаларды қамтыған сайыс түрінде өткізілді. Сайыс жоспары бойынша оған 6 жұп қатысты. Олар білім мен білігі жарасқан, талантты жұптар. Өз өнерлерін ортаға салып, барлық дарындарын көрсетті. Сайыс щарты бойынша түрлі деңгейде әр жұп өз өнерлерін көрсетті. Түрлі сайыстар бойынша әділ-қазылар алқасы күзгі балдың ханзадасы мен ханшайымын анықтауда қиындыққа тап болды. Өйткені мықты дайындалған кіл мықтылардың іщінен нағыз лайықтыларды анықтау оңайға соқпады. Дегенмен сайыстың аты сайыс. Қатысушылар өз дарындарын дәлелдеп жеңіске жетті әрі дипломмен және қыржылай сыйлықпен марапатталды. Басқа қатысушыларға да ынталандыру сыйлықтары берілді. Сайысқа қатысушылар алдағы уақытта өтетеін жарыстарда бұдан да биік дайындықпен келетіндерін айтты. Сонымен қатар, Мақтаарал аграрлық колледжі жатақханасында Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Мақтаарал АПБ ЖПҚ КТЖ УПИ полиция аға лейтенанты Алиев Берік Ашірбекұлының қатысуымен «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру» тақырыбында кездесу өткізілді. Жастардың теріс жолға түсіп кетпеуі үшін осы бағыттағы жиындарды көбірек өткізу маңызды. Аталмыш шараны өткізудегі басты мақсаты — жастар арасында буллингтің, аутодеструктивтік мінез-құлық, өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу, қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді жағдайларды болдырмау алдын алу болып табылады. Сондай -ақ , өзара сыйластық қарым-қатынасын орнату да маңызды. Мақтаарал аграрлық колледжінде оқушылардың бойына әдептілік туралы ұғымды қалыптастыру, кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық, ар-ұят, қызмет ету, имандылық, инабаттылық, елін, жерін сүю – адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, оқушылардың бойына адамгершілікті сіңіру мақсатында В-23-1 тобының жетекшісі Қ.Жұмабек «Әдептілік-адамгершілік белгісі» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Мұндай маңызды тәрбие сағаттарының берері көп. Тәрбие сағатында жастар әдептілік туралы өлеңдер оқып, мақалдар айтып, тәлімі мол сахналастрылған көрініс қойып, әсем ән шырқады. Бұдан бөлек, аталмыш колледжде «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында оқушылардың сөйлеу мəдинетін дамыту, сөз өнерін қадірлеу, ойлау жүйесін жетілдіру, топпен жумыс жүргізе білуге үйрету жəне əдеби кітаптарға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Кітап –сарқылмас рухани дүние» тақырыбында орыс тілі жəне əдебиеті пəнінің оқытушысы А.Сапарбаеваның ұйымдастыруымен əдеби кейс өткізілді. Сайыс түрінде өткізілген кейске қатысушы оқушылар екі топқа бөлініп, орыс əдебиетінен қойылған сұрақтарға жауап беріп, қызықты логикалық тапсырмаларды орындады. Мақтаарал аграрлық колледжінде «Студенттік парламент» ұымының атсалысуымен Халықаралық студенттер күніне орай дәстүрлі түрде өткізілетін «Құрметтей біл ұстазды» атты өзін-өзі басқару күні биылғы оқу жылында өзінің жалғасын тапты. Жалпы оқушылардың өзін-өзі басқару күнінің негізгі мақсаты: Оқушылардың колледждегі басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру, жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, өз бетімен шешім қабылдай алатын, жауапты және тәртіпті, дербес таңдау жасауға дайын, белсенді өмірлік ұстанымы қалыптасқан қабілетті көшбасшы тұлғаларды тәрбиелеу болып табылады. Колледж әкімшілігі мен мұғалімдерінің орнында жұмыс атқарған жоғары курс оқушылары ұстаз жұмысының қиындықтары мен қызықтарын біліп, сезінді. Шәкірттердің ертеңінен үміт күтіп, от жалынды мінездерінен, үкілі үміттерінен, тау қопарар қиялдарынан мақтанамыз. Мақтаарал аграрлық колледжінде Халықаралық студенттер күніне орай «Спорт – бақытқа бастар жол» атты спорт апталығы аясында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, патриотизмді, бұқаралық дене шынықтыру және спортпен шұғылдану жұмыстарын насихаттау, футбол ойынын өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында «Жүйрікте сын жоқ» тақырыбында топтар арасында кіші футболдан жарыс өткізілді. Мақтаарал аграрлық колледжінде оқушылардың дүниетанымын кеңейту, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жүйелі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шынайы патриоттар тәрбиелеу мақсатанда «Студенттік парламент» ұйымының белсенді атсалысуымен «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» атты интеллектуалды сайыс өткізілді. Сайыс 3-кезеңнен бойынша өткізілді. 1 — кезең «Білімдер бәйгесі» 2 — кезең «Суреттерді сөйлету» 3 — кезең «Жұмбақ ойдың қазығы, Мақал сөздің азығы Алғырлығы мен тапқырлығы жоғары, жеңімпаз атанған студенттер арнайы дипломмен және қаржылай сыйлықпен марапатталды. Мақтаарал аграрлық колледжінде «Жалпы білім беретін пәндер» әдістемелік комиссиясының «Жаратылыс сыры – ғылымда» атты апталығы аясында оқушыларды өз бетінше ізденуге ,ойларын еркін жеткізе білуге үйрету мақсатында 1 курс оқушылары арасында «XXI ғасыр көшбасшысы» жаратылыстану танымдық интеллектуалды ойыны өткізілді. Сайысты өткізуде колледж оқытушылар Д.Иманбердиев, Н.Оразбаева, П.Тазабекова, Г.Жиенбаева белсенді атсалысты. Сайыстың кезеңдері: 1-кезең «Бәйге», 2-кезең «Полиглот».3-кезең «Пиза тапсырмалары», 4-кезең «Жорға». Оқушылар белсенді қатысты, ең жоғары ұпайды жинаған оқушы жеңіске жетіп,. ТМ-23-1 тобының студенті А.Дадажанов жеңімпаз атанып, марапатталды.