Мектеп пен ата-ана бірлестігінің пайдасы көп. Бүгінде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының ашылуы көп көмегін тигізіп отыр. Жуырда Түркістан облысына қарасты Созақ ауданындағы Асқар Сүлейменов атындағы жалпы білім беретін мектеп қабырғасында “Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының 2023-2024 оқу жылына арналған жылдық жоспарының негізінде жасалған сабақ кестесіне сәйкес 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына “Білімдіге дүние жарық” тақырыбында сабақ өткізілді. Аталмыш сабақтың екі жаққа да тигізер пайдасы мол. Бұдан бөлек, 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарына “Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу”, ал 10-11 сынып ата-аналарына “Ақыл айтпа, жол көрсет” тақырыбында дәріс өткізілді. Аталған тақырыптардың барлығы да бала тәрбиесінде маңызы зор. Мұғалімдер аталған дәрісті өткізбес бұрын тыңғылықты дайындықтан өтті. Яғни, сабақ өткізетін мұғалімдерді мектеп директорының орынбасары Г.Атабаева жан жақты таныстырып өтті. 1-4 сынып бойыншы М.Жұмашова, 5-9 сынып бойынша М.Имашова, 10-11 сынып бойынша А.Әлімханова дәріс өткізді. Дәріс кезінде ата-аналармен топтық, жұптық жұмыстар жүргізілді. Бала тәрбиесінде ата-ананың алар орны, қандай олқылықтарды, қандай қателіктерді жібермеу керек сынды қарапайым болып көрінетін әдеттер жайлы айтылды. Баланың қандай болып өспегі ата-ананың тәрбиесіне байланысты екендігі әңгіме өзегіне айналды. Дәріс соңында мектеп психологтары Г.Жұмабаева және М.Жамалова тренинг өткізді. Дәріс барысында көптеген ақыл кеңес алған ата-аналар өз пікірлерін білдіріп, алғысын айтып тарқасты. Тәрбиелік мәні зор мұндай басқосулар алдағы уақытта да өткізіліп тұрса деген тілектерін жеткізді. Оқуышлар тәрбиесіне баса мән беретін білім ордасында бұдан басқа да түрлі шаралар ұйымдастырылып тұрады. Соның бірі кәсіби бағдар беру педагогі С.Төлегенованың ұйымдастыруымен 2023-2024 оқу жылында «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» аясы негізінде «Ұлы дала перзентімін» атты байқау болып өтті. Байқау «Еңбекке адал жас өрен» жобасы аясында өтті. Өнертапқыштардың бұл байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оқуышларды жастайынан ілімге, білімге, ғылымға құштарлығын оятып, қызығушылығын арттыруда мұндай байқаулардың берері көп. Аталмыш байқауға 5-9 сынып оқушылары белсене қатысты.